Жаңалықтар

Академияның құрметті профессоры

Бүгін Академияда Басқару институтының профессоры Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдинге «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры» атағы берілді.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин Академияда 2017 жылдан бастап еңбек етеді. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 27 жылдан асады.

Сондай-ақ бүгін Алтай Болтайханұлы Астана қаласы әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбектің, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Ермекұлы Каналимовтың және қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыповтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Профессор мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік білім беру саласындағы елдің стратегиялық бағыттарын іске асыруға атсалысты. Сонымен қатар жаңа технологиялық және басқарушылық шешімдерді, цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, кәсіптік мемлекеттік аппаратты жаңғырту жүйесіне инновациялық әдістерді енгізуге белсенді қатысып келеді.

Алтай Болтайханұлын 75 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр тілейміз!


Your browser does not support SVGs