Бүгін ректор Ерлан Әбіл Академия ғалымдарына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін» Алғыс хатын табыстады.
Сондай-ақ ректор Ғылыми артықшылық орталығының басшысы қызметін атқарған Анар Есенгельдинаға Академияны дамытуға қосқан үлесі, адал қызметі үшін Алғыс хат және министрліктің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.
Анар Сатыбалдықызына 11 жыл бойы әртүрлі қызметте атқарған еңбегі үшін және мемлекеттік қызметшілерді даярлауға, біліктілігін арттыруға қосқан үлесі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ғылыми жетістіктеріңіз көп болсын! Жаңа қызметте мол табысқа жетуіңізге тілектеспіз!