20 желтоқсан күні Академияның Басқару институтының «Өңірлік даму» модульдік бағдарламасы бойынша білім алушылар магистрлік жобаларын қорғады. Көшпелі жобалар қорғауы Астана қаласы әкімшілігінде өтті.
Тыңдаушылардың ғылыми ізденістерінің тақырыптары өзекті және еліміздің өңірлерін дамытуға бағытталған.
Қорытынды аттестациялық комиссияның шешімімен бірнеше жоба ерекше деп бағаланды. Магистранттар өз тарапынан аталған модульдік бағдарламаның тиімділігін және бұл бағдарламаны келешекте де жалғастыру қажеттілігін айтты. Сонымен қатар магистрлік жобаларды көшпелі қорғаудың тиімділігін де атап өтті.
Өз кезегінде Академия ұжымы түлектерді бүгінгі сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтай отырып, келешекте Академияда алған білімдеріңіз еліміздің жан-жақты дамуына септігін тигізсін деп тілек білдіреді.