Жаңалықтар

Бағдарлау апталығы өтті

Академияда магистранттар мен докторанттар үшін  Бағдарлау апталығы өтті. Шара білім алушыларды Академиямен, оның құрылымдық бөлімшелерімен және оқытушылар құрамымен таныстыруға, сондай-ақ оқу процесіне бейімдеуге бағытталған.

Апталықтың  ашылуында Академия ректоры Әбіл Ерлан сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Бағдарлау апталығы аясында оқу процесін ұйымдастыру және «LMS ACADEMY» платформасы, Академияның ғылыми қызметі, корпоративтік мәдениеті, білім алушылардың құзыреттерін бағалау әдістері, ақпараттық саясаты бойынша жауапты вице – ректорлар мен құрылымдық бөлім басшылары ақпаратпен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар білім алушылар жеке даму жоспарларын талқылау үшін бағдарлама координаторлармен кездесті.

Білім алушыларға тиімді коммуникациялар мен  эмоционалдық интеллект тақырыптарында тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар ағылшын тілі деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтті.


Your browser does not support SVGs