Жаңалықтар

«Даму күні» аясында өткен шаралар

Академияда «Даму күні» аясында «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Аркен Кеңесбекұлы «Қазақстанның халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық бағыты бойынша рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.

Ольстер университетінің профессоры Колин Нокс және Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің декан орынбасары Дина Шарипова «Publishing in academic journals: navigating the process» тақырыбында тәжербиесімен бөлісті.

Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, экс-сенатор Төлеубек Мұқашев және мәдениеттанушы-философ, саяситехнолог Абылайхан Қалназаровпен кездесу өтті. Жиында екі автордың «Мәслихат депутаты қандай болу керек?» кітабы таныстырылды. Кездесуге Академия ректоры Ерлан Әбіл, профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар және докторанттар қатысты. Шара соңында авторлар Академия кітапханасына кітабын тарту етті.

Сондай-ақ магистранттар арасында апта сайынғы НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? интелектуалды сайысы өтті.

2GIS маркетинг бөлімінің басшысы, «Qazaqstan Graduates Association in UK Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Есентай Қуаныш «Көшбасшылық, Z буын қызметкерлерін басқару» тақырыбында дәріс оқып, қызықты ақпараттармен бөлісті.

Басқару институтының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Ане Арзиевна магистрлік жобаны дұрыс жазудың қыр-сырымен бөлісті.

 


Your browser does not support SVGs