Жаңалықтар

Даму стратегиясы

Бүгін Даму күні аясында Академияда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы  Баян Қоңырбаевпен кездесу өтті. Баян Қайратұлы  компанияның алдағы жылдарға арналған даму стратегиясымен бөлісіп, Nitec-тің жаһандық трендтерге сәйкес трансформациялау процесі жайлы айтты.

Қоғамның бөлінген инфрақұрылымы мен ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесіне тоқталып, IT және мемлекеттік басқару саласындағы оң өзгерістерді, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялардың басқару тиімділігіне тигізетін әсерін атап өтті. Шараның соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Nitec пен Академия мамандар даярлау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

«Даму күні» аясында Экономист + клубының кезекті отырысы өтті. «Магистрлік жобаны жазу: сарапшылардан лайфхактар» тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік семинарға Академияның  қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.  Отырыста магистрлік, докторлық жобалар талқыланып, сын-пікірлер мен қатар кеңестер айтылды.

СҚО бойынша ҚР АӘК БНС департаменті құрылымдық статистика басқармасының басшысы Балгарина Людмила, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті өкілі Есенжолова Ғазиза жобаларға сапалы зерттеу жүргізу бойынша лайфхактармен бөлісті.

Ғылыми-әдістемелік семинардың негізгі мақсаттары:

– Зерттеу құзыреттерін дамыту, магистрлік жобаны сапалы дайындау бойынша білімді тереңдету

– Өзекті ғылыми мәселелерді талқылау және шешімдерін іздеу

– Ғылыми пікірталас дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулерге қатысу


Your browser does not support SVGs