Жаңалықтар

Еңбек күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізбек. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күні елімізді дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі. 

Академия еңбек адамдарының адал қызметін әрдайым бағалайды. Инфрақұрылымдық қызмет көрсету және «Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үй» қызметтері қызметкерлерінің және Академия филиалдарының 43 қызметкері ректор Ерлан Әбілдің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. 

Президентіміз айтқандай, кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашан да лайықты бағасын алады. Табанды еңбегімен табысқа жетіп жүрген Академия қызметкерлерінің марапаты құтты болсын!


Your browser does not support SVGs