23 қыркүйекте Еңбек күні мерекесі қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері, Мемлекеттік басқару академиясы және Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы ұжымының қатысуымен сенбілік өтті. 130-дан астам қызметкер 100 дана ағаш отырғызып, қоғамдық жұмысқа белсене қатысты. Сенбілік шара еңбек құндылықтарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.
Мерекеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр», – деген ықыласын жеткізді.