Бүгін Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қонақта болды.
Жастарды Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл қарсы алып, оқу ордасының негізгі бағыттарымен, қызметімен, құндылықтарымен таныстырды. Болашақта Академияда магистратурада кәсіби білімін жетілдіргісі келетін студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кәсіби даму институтының директоры Зухра Қарамалаева мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырса, Білім алушылар мен түлектерді қабылдау және қолдау секторының бас сарапшысы Қарлығаш Шәкірқызы оқуға қабылдау процесі туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ Білім беру қызметінің сапа секторы меңгерушісі Шырын Сисенғалиева Академиядағы оқу процесі, тағылымдамадан өту жолдары жайында айтып берді. Қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Аяжан Мадибекова Академия ғимаратын таныстырып, Қазақстан Республикасының Парламенті болған залдарды, тарихи орындарды көрсетті. Ақпараттық-ресурстық сектордың бас сарапшысы Ақмарал Қасымбекова мұражайдағы тарихи құжаттармен таныстырса, Ақпараттық-ресурстық сектор меңгерушісінің м.а Жанар Абылхаир кітапхана қоры туралы айтып, ақпараттық-ресурстық орталық жұмысы жайлы ақпарат берді.
3,4 курс студенттері оқу бітірген соң мемлекеттік қызметке орналасып, болашақта Академияда магистратура және докторантура білім бағдарламалары бойынша оқығысы келетіндерін айтты.