Жаңалықтар

«ЖАҺАНДАНҒАН ӘЛЕМНІҢ ГЕОСАЯСИ КЕЛБЕТІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Бүгін «Даму күні» аясында профессор оқытушылар құрамы Сенатының ұйымдастыруымен Академияның бас ғылыми қызметкері, Басқару институтының профессорының м.а. Саржанов Дәурен Қожабергенұлы «Ғылыми тағылымдама: 500 ғалым» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы жайлы айтып, бағдарламаның беретін мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Әділ Ахметтің «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиялық еңбегінің  тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесерге Академия ректоры Ерлан Әбіл,  профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен докторанттар қатысты.

«Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиясында автор Нобель сыйлығы лауреаттарының жазған еңбектеріне сараптама жасаған. Сонымен қатар, автордың егемен еліміздің әлемдік геосаясаттағы дара жолын көрсететін сараптамалық мақалалары топтастырылған.

Кездесу барысында автормен тыңдаушылар тарапынан екі жақты мазмұнды пікіралмасу болды. Жиын соңында академик Әділ Ахмет оқу орнының кітапхана қорына өз еңбектерін табыстады.

Даму күні аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубының жартылай финалы өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен магистранттар жартылай финалда «Мемлекеттік қызметшілерге саяси партияларға мүше болуына тыйым салу керек» тақырыбында ой жарыстырып, пікір таластырды.

Пікірталас қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрамасы басым түсіп, финалға жолдама алды. Ойыншыларға сәттілік тілейміз.

 

 


Your browser does not support SVGs