Бүгін Академияның Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығының басшысы Ержан Әбдалыұлы Халбаев ҚР Энергетика министрі Алмасадам Маиданұлы Сәтқалиевтің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ведомство қызметкерлерін салтанатты құттықтау шарасына қатысты.
Іс-шара аясында Ержан Әбдалыұлы Академия атынан Энергетика министрлігінің ұжымын алдағы ұлттық мерекемен құттықтап, аталған мемлекеттік органдағы жобалық менеджмент қағидаттарын енгізудің оң үрдістерін атап өтті. Сондай-ақ ұйымның төрт қызметкеріне ҚР СТ ISO 20502-2022 Ұлттық стандарты бойынша «Жоба жетекшісі» деңгейіндегі сәйкестік сертификаттарын табыс етті.
Айта кеті керек, Академия аталған орталығы жобалық менеджмент саласындағы ҚР СТ ISO ұлттық стандарттары бойынша персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жалғыз аккредиттелген орган болып табылады. Бүгінгі таңда осы бағыт бойынша сертификатталған жоба менеджерлерінің саны 3140 бірлікке жетті. Оның ішінде биыл 523 адам сәтті сертификатталды.