Бүгін Академияда қазақ халқының тарихы, ұлттық мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрін жастарға дәріптеу және насихаттау мақсатында «Зияткер» интеллектуалдар ойынының ІІ кезеңі өтті.
«Зияткер» – қатысушылардың білімі мен тапқырлығын, эрудициясы мен логикалық ойлау қабілетін тексеруге арналған командалық сайыс. Интеллектуалдар сайысына (Басқару институтының «МРР-23 және «МЕ-23» мамандығы магистранттарынан құралған) «Сұңқар» және «Қыран» командалары қатысты.
Сайыс барысында ойыншылар бірлесе отырып, идеяларды ұсына қорғады. Әртүрлі ұстанымдармен пікір алмасып, белсенді қатысты. Достық қарым-қатынастарын нығайтып, командалық рух қалыптастырды.
Туған жердің тарихын, рухани құндылықтары мен салт-дәстүрі бойынша қойылған сұрақтарға қарсы топтан артығырақ дұрыс жауап берген «Сұңқар» тобы финалға шықты.
Іс-шараны Академияның Тілдік құзыреттілікті дамыту кабинеті ұйымдастырды.