Жаңалықтар

ИДЕЯЛАР ФАБРИКАСЫ ЖАЛҒАСУДА

5 сәуірде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Идеялар фабрикасы» жобасының екінші отырысы өтті. Талқылауға Қазақстан қоғамдық даму институтының, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері және Академия қызметкерлері мен магистранттары қатысты. Шараны Академияның ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректоры Әлия Масалимова бастап, кездесу Ғылым апталығы аясында өткізіліп жатқанын атап өтті.

«Идеялар фабрикасы» – мемлекеттік басқару саласында тиімді шешімдерді дайындауға бағытталған бірегей идеялар алаңы. Бүгінгі кездесуде екі жоба талқыланды. «Бюджет процесіне халықтың қатысу механизмін жетілдіру» жобасы бюджет саясатын жетілдіруге және сын-қатерлерге жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Екінші жоба «Мемлекеттік саясаттағы реформалардың ұлттық моделін қалыптастыру және оңтайландыру» – Қазақстанның мәдени ерекшеліктері мен халықтың азаматтық сұранысы негізінде мемлекеттік басқарудың ұлттық моделін дамыту мәселелеріне  арналады.

Жиынның модераторы – Қолданбалы зерттеулер институты директоры А.Б. Көшербаева. Жоба Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту идеяларына арналған бұл платформа «Мемлекеттік қызмет: жылдам жеңістер» ұранымен өтеді.


Your browser does not support SVGs