Жаңалықтар

ИДЕЯЛАР ФАБРИКАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫ

Мемлекеттік басқару академиясының «Идеялар фабрикасы» бірегей жобасының жаңа маусымы үш жылдан кейін қайта басталды.

Сарапшылар жиынында Академия ректоры Ерлан Әбіл жобаның маңызын түсіндіріп, мақсаттарына тоқталды.

«Идеялар фабрикасы» – бұл мемлекеттік басқару саласында оң нәтижелерге қол жеткізетін шешімдерді дайындау мақсатына арналған тың идеялар алаңы. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту идеяларын ұсынатын платформа «Мемлекеттік қызмет: жылдам жеңістер» ұранымен өтті.

Бұл жолы Академия магистранттары Бағлан Қуанов «Цифрлық жұмыс орны», Ерлан Қалмақов «Адал азамат» қоғамдық әдеп құндылықтарының акселераторы», Назгүл Хатепова «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау әдістемесін жетілдіру» жобаларын алғаш рет талқыға ұсынды.

Талқылауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Академияның вице-ректоры Алия Масалимова, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры орынбасары Сәуле Жұрынова, Қоғамдық даму институты директорының орынбасары Олжас Бейсенбаев, қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ сарапшылары, Қазақстан агротехникалық зерттеу университетінің профессорлары өз пікірлерін ортаға салды.

Ұсынылған идеялар қатысушылардың кәсіби қызығушылығын туғызды.

 

 

 

 

 

 


Your browser does not support SVGs