Жаңалықтар

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Академияда академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор, филология ғылымдарының докторы Эльмира Нұрланқызы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өкілдері, Мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесші Али Акбар Талеби Матин арасында кездесу өтті. Кездесу барысында екі жақты келіссөздер, өзекті мәселелерімен  одан әрі дамудың перспективалары талқыланды. Тараптар ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

«Бізді ғылыми дәрістер мен сарапшылардың баяндамалары қатты қызықтырды. Мұндай іс-шаралар екі елдің ғылыми жетістіктері мен мәдени ерекшеліктері туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік береді» – деді  Али Акбар Талеби Матин.

Екі ел арасында тұрақты байланысты жалғастыру, дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен Иранның ғылыми қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталған бірлескен ғылыми іс-шараларды өткізу туралы келісімге келді.


Your browser does not support SVGs