Бүгін Академияда «Кәсіби кадр – жасампаздық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Академияның магистранттары мен докторанттары ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттарымен, министрліктердегі комитет төрағаларына сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Білім мен біліктілікті, тәжірибе мен ізденісті ұштастыру мақсатында өткен дөңгелек үстел барысында кәсіби маман даярлауға арналған ұсыныстар айтылды. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіру мен олардың дамуына ықпал ететін идеялар айтылды. Басшылар мемлекеттік қызметтегі тәжірбиелерімен бөлісіп, білім алушыларға түрлі статистикалық деректер келтірді.