Персоналды сертификаттау жөніндегі іс-қимылдардың (рәсімдердің) реттілігі мыналарды қамтиды:
- орталыққа сертификаттауға электрондық өтінім мен құжаттар жиынтығын беру
- өтініш берушіге тиісті хабарлама жібере отырып, өтініш берушінің құжаттарын сараптау, ұсынылған материалдардың толықтығы мен жеткіліктілігі туралы шешім қабылдау (оның ішінде персоналдың белгіленген талаптарға сәйкестігін талдау)
- өтініш берушімен сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындауға шарт жасасу (сертификаттау жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасу және сертификаттауға арналған шығыстарды төлеуді өтініш беруші тексеруден және оның емтихан басталғанға дейін белгіленген талаптарға сәйкестігінен кейін жүзеге асырады)
- өтініш берушінің сертификаттау қызметтерін төлеуі
- кандидатқа (жеке өзі, телефон немесе электрондық пошта арқылы) сертификаттауды өткізу мерзімі туралы хабарлама жіберу
- біліктілік емтихандарын өткізу
- біліктілік емтихандарының нәтижелерін бағалау
- ұсынылған құжаттар жиынтығы және емтихан нәтижелері негізінде кандидатқа тиісті біліктілік деңгейін беру мүмкіндігі (не бас тарту) туралы шешім қабылдау
- Сертификаттау туралы оң шешім болған кезде сертификатты ресімдеу, тіркеу және беру не теріс шешім болған кезде сертификаттаудан бас тарту туралы хабарлама
Сертификаттауға арналған құжаттар пакеті:
- электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ)қол қойылған сертификаттауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы электрондық өтінм
- үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі
- үміткердің жоғары немесе орта немесе техникалық және кәсіптік білімі туралы құжаттың көшірмесі
- Көппәтерлі тұрғын үйді басқару саласындағы саласындағы практикалық қызмет өтілі туралы АНЫҚТАМА (нысанды жүктеу)
- Біліктілікті арттыру, Көппәтерлі тұрғын үйді басқару саласындағы оқудан өту туралы сертификаттауға үміткердің құжаттарының көшірмелері (сертификаттар) немесе Көппәтерлі тұрғын үйді басқару саласындағы тыңдалған курсы туралы транскрипт
Емтихан нәтижелері тестілеуді қоспағанда, емтихан өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайларына жіберілетін болады (емтиханның тестілеу әдісінің нәтижелері автоматты түрде шығарылады)
Емтихан тапсырылмаған жағдайда өтінім беруші сертификаттау кестесіне сәйкес белгіленген басқа күні қайта сертификаттау рәсімінен өтуге құқылы.
Қайта сертификаттау жөніндегі жұмыстар алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай және белгіленген рәсімдердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Емтиханды ұйымдастыру тәртібі:
Емтихан барысында нормативтік көздерді, анықтамалық және басқа да әдебиеттерді, ақпарат қабылдайтын және тарататын электрондық құрылғыларды (соның ішінде ұялы телефондар мен басқа да электрондық жабдықтарды) пайдалануға, сондай-ақ басқа кандидаттармен әңгімелесуге, көшіруге және емтихан сұрақтарының мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, емтихан материалдарын аудиториядан шығаруға/көшіруге тыйым салынады.
Келесі жағдайларда емтиханнан шығару қарастырылған:Алкогольдік, есірткілік немесе токсикалық масаң күйде келу;Емтихан барысына кедергі келтіретін, емтихан процесіне қатысушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын өрескел тәртіп бұзушылықтар.
Емтихан барысында ережелерді сақтамаған немесе бұзған, не болмаса алаяқтыққа қатысқан кез келген кандидат емтиханнан шеттетіліп, тапсырмаған болып есептеледі. Бұл жағдай емтихан хаттамасында көрсетілуі тиіс. Мұндай жағдайда емтихан комиссиясы емтихан процедурасын бұзу туралы акт жасап, шеттету себептерін көрсетеді, ал кандидат сертификатталмайды. Сонымен қатар, кандидатқа емтиханға қатысу үшін төлеген ақысы қайтарылмайды.
Кандидат емтиханды тапсыра алмаған жағдайда, оны қайта сертификаттау рәсімі аясында қайта тапсыруға құқылы. Бұл жағдайда қайта сертификаттау алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмастан және белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Танысу үшін қосымша құжаттар
Сертификаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсету туралы қосылу Шартымен және сертификаттау талаптарын орындау туралы Келісіммен
Үміткерге арналған жадынама
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның сапа саласындағы саясаты
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саясаты
Өтініш беруші тарапынан қабылданған шағымдар мен апелляцияларды қарау тәртібі