Орталық:
Халықаралық және ұлттық стандарттар шеңберінде сұранысқа ие салалар бойынша персоналды кәсіби сертификаттауды жүзеге асыратын персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі орган болып табылады
Қазақстанда ГОСТ ISO/IES 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптары бойынша аккредиттеуден өткен алғашқы мемлекеттік мекеме болып табылады
Мақсаты:
жобалық менеджмент және адами ресурстарын басқару саласындағы персоналды кәсіби сертификаттау арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметтінің тиімділігін арттыруға көмек беру.
Міндеттері:
– мемлекеттік басқару секторы және басқа ұйымдар үшін жобалық менеджмент және адам ресурстарын басқару саласындағы саясатты іске асыру;
– нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес персоналдың сәйкестігін растау бойынша жұмыс тәсілдері мен кешенін қалыптастыру;
– жобалық менеджмент және адам ресурстарын басқару саласындағы сертификаттау бойынша үздік шетелдік тәжірибені ескере отырып, әдіснамалық және қолданбалы зерттеу базасын құрудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу.