Жаңалықтар

Мемлекеттік басқарудағы ұлттық құндылықтардың орны мен рөлі

Бүгін Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында «Даму күнінде» ұйымдастырылған алғашқы кездесудің бүгінгі қонағы –  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын. Ерлан Бейсембайұлы Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін 2017 жылы бітірген.

Қонақ дәріс барысында Ерлан Бейсембайұлы мемлекеттік басқарудағы ұлттық құндылықтардың орны мен рөлі жайлы айтты. Ел басқарудағы рухани, әкімшілік негіздер туралы айтып, қазақтың атақты ойшылдарының, мықты тұлғаларының өз кезеңінде жазған нақыл сөздерін қазіргі заманмен сәйкестендіріп жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы керек қасиеттер мен міндеттеріне де тоқталды.

«Мемлекеттік қызметшілер қанша тілді білсе де, қай елде білім алса да, қанша жерден дағдыларын арттырса да, жүрегінде ұлттық құндылық болмаса – бәрі бекер. Академия – мемлекеттік қызметшілердің альма-матері, біздің қара шаңырағымыз, сондықтан ешқашан қол үзбеуіміз керек. Үнемі білімізді жетілдіріп отыруымыз қажет. Академиядағы әр уақыттарыңызды, мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар», – деді Ерлан Бейсембайұлы білім алушыларға.

Ерлан Құсайын Академияны 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, білім ордасына алғыс ретінде кітапхана қорына қазақ тіліндегі құнды кітаптарды сыйлады. Мерейтойға орай жыл бойы 30 кітап сыйға тартатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында Академия магистранттары мен докторанттары сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

 

 


Your browser does not support SVGs