Жаңалықтар

Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар

Академияда баспасөз қызметі мамандарына арналған екі күндік семинар аяқталды. Оқу бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен, «Медиа Дамыту қоры» КҚ бірлесе ұйымдастырылды.

Спикерлер ретінде мемлекеттік мекемелердің өкілдері, тәжірибелі медиатренерлер және стратегиялық коммуникациялар саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Қатысушылар этикалық нормалар мен қағидаларды ұстану жайлы кеңестер алып, журналистермен тиімді коммуникация орнату бойынша кейстерді талқылады.

Семинарда кризистік жағдайларда коммуникация орнату, олардың алдын алу жайлы мәліметтер айтылды. Практикалық PR-ойын барысында қатысушылар түрлі кейстерді талқылады. Сондай-ақ мекеменің жұмысын ілгерілету және басшының имиджін қалыптастыру бойынша біліктіліктерін арттырды.

Семинар соңында қатысушылар бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар алды.


Your browser does not support SVGs