Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында Спартакиада өтті.
Спорттық шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі, Академия
қызметкерлері, білім алушылары және түлектері белсенді қатысты. Әр
команда шағын футбол, волейбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен
жарысты.
Іс-шара барысында ректор Ерлан Әбіл Спартакиаданың ашылуымен
құттықтап, қатысушыларға жеңіс тіледі.
«Спартакиада Академияның 30 жылдық аясында ұйымдастырылды.
Жыл бойы мерейтойға қарсы әлеуметтік, мәдени, спорттық, ғылыми шаралар
жоспарланған», – деді ректор.
Шара мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын
кеңінен насихаттауға бағытталған.
«Жарыс қызықты, тартысты өтуде. Бірге оқыған әріптестерімді,
достарымды, оқытушыларды көріп, қуанып қалдым. Академияны 30 жылдық
мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын», — деді Академия түлегі.
Шағын футболдан:
I орын – Академия филиалы құрамасы
II орын – Мемлекеттік қызмет істер агенттігі
III орын – Түлектер
«Үздік шабуылшы» – Жансейтов Азамат
«Үздік қақпашы» – Ержан Әлихан
«Үздік қорғаушы» – Ермағамбетов Дархан
«Үздік ойыншы» – Каженбаев Аманжол
Волейболдан:
I орын – Өңірлік даму құрамасы
II орын – Мемлекеттік басқару академиясы
III орын – Мемлекеттік қызмет істер агенттігі
«Үздік ойыншы» – Амандық Бахытжан
Үстел теннисінен:
I орын – Академия филиалы құрамасы
II орын – MPP/ME құрамасы
Жалпы ойынның қорытындысы бойынша:
I орын – Академия филиалы құрамасы
II орын – Мемлекеттік қызмет істер агенттігі
III орын – MRD-2023
Спорттық шараға қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңіске жеткен
командаларды құттықтаймыз!






