2023 жылғы 3 қарашада «Сайлау комиссиясы мүшесінің құзыретіліктерін жетілдіру» тақырыбында сайлауды ұйымдастырушыларға арналған оқыту курсы өтті. Оқыту курсына Астана қаласының 4 ауданынан 120 тыңдаушы қатысты.
Оқыту курсының мақсаты – аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құзыреттіліктік деңгейін арттыру.
Оқыту курсының міндеттері:
1) сайлау комиссиялары қызметінің өзекті мәселелерімен таныстыру;
2) сайлау комиссиясы мүшесінің сайлау мәдениетін және оң имиджін қалыптастыру дағдыларын дамыту;
3) жанжалды жағдайларды реттеудің әлеуметтік-психологиялық технологияларын зерделеу;
4) сайлау процесіне қатысушылармен коммуникация әдістерін пысықтау;
5) сайлауды бақылаудың халықаралық тәжірибесімен таныстыру, халықаралық байқаушылармен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар беру.
Семинар соңында әр қатысушыға курстан өткені туралы сертификат берілді.
Шараны Академияның Электоралдық оқыту орталығы ұйымдастырды.