Персоналды сертификатталуы келесі кезеңдерден тұрады :
– өтініш берушімен сертификаттауға арналған құжаттар топтамасын Орталыққа тапсыру
– өтініш берушінің құжаттардың сараптамасын жүргізу және ұсынылған материалдардың толықтығы мен жеткіліктілігі туралы шешім қабылдау (қызметкерлердің белгіленген талаптарға сәйкес келуін талдауды қоса алғанда)
– өтініш берушімен сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу туралы келісім-шартын жасасу
– өтініш берушінің сертификаттау қызметтері үшін төлемі
– үміткерге сертификаттау мерзімі туралы (жеке, телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы) хабарландыру жіберу
– сертификаттау емтихандарын өткізу
– сертификаттау емтихандарының нәтижелерін бағалау
– ұсынылған құжаттар жиынтығының және емтихандардың нәтижелерінің негізінде үміткерге тиісті біліктілік деңгейін беру мүмкіндігі (немесе бас тартуы) туралы шешім қабылдау
– сертификаттаудың оң шешімі болған жағдайда сертификатты жасау, тізілімде тіркеу және үміткерге тапсыру.
Сертификаттауға арналған құжаттар пакеті:
– өтінім (нысанды жүктеу)
– үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі
– үміткердің жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың көшірмесі
– таңдаған саладағы практикалық қызметінің өтілі туралы анықтамасы (нысанды жүктеу)
–40 сағаттан кем емес адами ресурстарын басқару оқығанын растайтын немесе жоғары оқу орнында 2 кредитті меңгерген туралы құжаттар (сертификаттар, транскрипт).
Танысу үшін қосымша құжаттар
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның сапа саласындағы саясаты
Өтініш беруші тарапынан қабылданған шағымдар мен апелляцияларды қарау тәртібі
Өтінім беруші емтиханды сәтсіз тапсырған жағдайда сертификаттау рәсімінен сертификаттау кестесіне сәйкес белгіленген күні екінші рет өтуге құқылы. Үміткер бірінші рет емтихан тапсырып, теріс нәтиже алған күні бірден екінші сертификаттаудан өте алмайды.
Сертификаттаудан екінші рет өту бойынша жұмыстар алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмайды және орныққан рәсімдердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Сертификаттау қызметтерін төлеу бойынша реквизиттер:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
БСН 090240000429
ЖСК KZ666017111000000349
КБЕ 16
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық банкі» АҚ
010000, Астана қ., Абай даңғылы, 33а
тел.: 8(7172) 75-34-87
Қызметтер атауы: жобалық менеджмент саласындағы персоналды сертификаттау қызметтері үшін