Жаңалықтар

Сингапур – Қазақстан «Достық – Цифрландыру» бағдарламасы

Академияда Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін цифрлық дағдыларды дамыту бойынша «Достық – Цифрландыру» бағдарламасы өтіп жатыр.

Оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі  қазақстандық «KazAID» халықаралық даму агенттігімен және Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесе  ұйымдастырды.

Курс тыңдаушылары мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау мүмкіндіктерімен танысады және Қазақстан мен Сингапурдан келген әріптестерімен тәжірибе алмасады.

«Қазақстан мен Қырғызстанда электронды үкімет қатар дамып келе жатыр деп айта аламын. Өйткені бағытымыз бір, жүйелердің жұмысы бәрімізге ортақ. Тек атауларында айырмашылық бар. Дәрісте алған білімді өз елімізде пайдаға жаратамыз деп ойлаймын», – деді Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Жанар Иманалиева.

Спикер ретінде Назарбаев университетінің профессоры, Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры доктор Азиз Бурханов, Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінен қауымдастырылған оқытушысы У Кун Тиан және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Өнімдерді ілгерілету департаментінің директоры Асқар Синчев  шақырылды.

Бағдарламаға қатысу үшін цифрлық қайта құруға және осы саладағы өз елдердің ұлттық саясатын әзірлеуге белсенді қатысатын орта және жоғары буын мемлекеттік қызметшілері іріктелді.


Your browser does not support SVGs