2024 жылдың 27-29 наурыз күндері Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында ТМД елдері Мемлекеттік басқару академияларының форумы және «Басқару жүйесіндегі тұлға» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.
Ректор Әбіл Ерлан Академияның мемлекеттік басқару кадрларын даярлаудағы тәжірибесімен бөлісті. Форум барысында қатысушылар білім және ғылым саласындағы жобаларды бірлесе іске асыру мәселелерін талқылады. Форум аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Академия ректоры Ерлан Әбіл «Басқарушылық дәстүрлер мен инновациялар» пленарлық сессиясының жұмысына қатысты.
ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев Академия ректорын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.