Академия ректоры Ерлан Әбіл Халықаралық бағдарламалар орталығымен өзара серіктестікті нығайту мақсатында Басқарма төрағасы Әлия Оспановамен кездесті.
Кездесуде екі ұйым қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, ел экономикасының негізгі секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мәселесі қарастырылды. «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасына және әлемнің озық жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.
Тараптар адами ресурстарды дамытуға және мемлекеттік басқару саласындағы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.