Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылармен кездесу

29 сәуірде Академияда халықаралық сарапшылармен кездесу өтті.

Спикерлер ретінде Ресей халықтар достығы университетінің Стратегиялық зерттеулер мен болжамдар институтының директоры Егорченков Дмитриймен және саяси ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының Әлеуметтік ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпарат институтының Таяу және посткеңестік шығыс бөлімінің меңгерушісі Аватков Владимир сөз сөйледі.

Дмитрий Егорченков «Еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің мәдени симпатиясы» тақырыбын талдады.

Владимир Аватков «Түркия Республикасының «Түркі әлемін құру» контекстіндегі сыртқы саяси басымдықтары» тақырыбында дәріс оқып,  Ресей мен Түркияның оңтүстік Кавказдағы сыртқы саяси бағыты мүдделерінің арақатынасы жайлы айтты.  Қазіргі халықаралық қатынастардағы күштердің жаңа тепе-теңдігін қалыптастырудан туындаған Анкараның сыртқы саясатын әртараптандыру және жандандыру жағдайындағы ресей-түрік қатынастары туралы мәлімет берді.

Аталған іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкерлері, Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты. Халықаралық сарапшылардың дәрістері тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.


Your browser does not support SVGs