Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өтті.
Іс-шараны ҚР Мемлекеттік басқару қызмет істері агенттігі және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.
Мереке қарсаңында театр “Шәмші” қойылымын көрсетті.
Кеш соңында Агенттік төрағасы құттықтау тілегін айып, Мемлекеттік басқару академиясының қызметін қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін бірқатар нәзік жандыларды Алғыс хатпен марапаттады.