Бүгін Академияда Ғылым апталығы аяқталды. Апталық аясында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрінің «Ғылымдағы инновациялар: тенденциялар мен перспективалар» атты қонақ дәрісі, өңірлік вебинарлар, Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы шығарған кітаптар көрмесі, «Идеялар фабрикасы» талқылауы, «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналында мақалалар жариялау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның ролі, аналитикалық жазбалар дайындау бойынша семинарлар, магистранттар мен докторанттар кеңесінің жұмысын жақсарту бойынша кездесу өткізілді.
Спикерлер ретінде қоғамдық, зерттеу және мемлекеттік мекемелердің басшылары, астаналық және облыстық әкімдіктер өкілдері, өңірлік университеттер оқытушылары мен сарапшылары, психологтар қатысты.
Апталық StrateGOV жобасын талқылануымен аяқталды. Академияның филиалдары мен білім алушылар желісін қоса отырып, ғылыми-зерттеу әлеуетін біріктіру жөнінде пікір алмасу болды. Жоба аясында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару және аймақтық экономика мәселелері бойынша өңірлік зерттеулер жүргізу жоспарлануда.