2024 жылдың 26 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының Әдеп жөніндегі комиссиясы отырысында дебюрократизация, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және Әдеп секторының бас ғылыми қызметкері Шарафат Тасболатқызы Шаяхметова «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне түсіндірмелер (қолдану үшін ұсынымдар)» тақырыбында ғылыми жұмысын таныстырды.
Түсіндірмелерді Академия Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп бағалаудың екі циклінің қорытындылары бойынша берілген ГРЕКОНЫҢ ұсынымдары бойынша Қазақстан міндеттемелерін, сондай-ақ 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада қойылған ҚР МҚІА перспективалық міндеттерін орындау шеңберінде әзірледі.
Бұл түсіндірмелердің мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын біркелкі түсіндіру мен қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Түсіндірменің мазмұнында Әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық мінез-құлық қағидалары мен стандарттары туралы тармақтары бойынша түсініктемелер берілген.
Презентацияны талқылау қорытындысы бойынша Комиссия ұсынылған түсіндірмелерді мақұлдау және оларды мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі кеңестерінің мүшелеріне жеткізу туралы шешім қабылданды.