Академия өкілдері 2023 жылғы 26-28 қазанда Алматы қаласында өткен «Қауіпсіздік және тұрақты даму контекстіндегі Еуразиядағы көші-қон: ынтымақтастықтың негізгі тенденциялары, қиындықтары мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараны Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы «Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ғылымды дамытудың халықаралық орталығы» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Форумның ашылуында Академияның ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректоры, ф.ғ.д., профессор Әлия Масалимова құттықтау сөз сөйледі. Вице-ректор өз сөзінде Академияның әртүрлі жобаларға, оның ішінде еңбек және білім беру көші-қонына байланысты сараптамалық және ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы туралы айтты. Академия көші-қон саласында да, климат пен қоршаған ортаның өзгеруі саласында да түрлі жобаларға қатысатынын атап өтіп, Халықаралық көші-қон ұйымымен, БҰҰ көші-қон агенттігімен серіктестік орнататын бағыттары жайлы айтты.
Атап айтқанда, тараптар бірлесіп тренерлерді даярлау үшін оқытулар, орталық аппарат пен жергілікті билік органдарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинарларды өткізеді. Академия мен оның өңірлік филиалдарының базасында бірнеше рет өңірлердің Мемлекеттік қызметшілерінің мигранттарға олардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени интеграциясына және «Оңтүстік-Солтүстік» қоныс аудару кезінде тез бейімделуіне көмек көрсету мәселесі бойынша әлеуетін арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Академияда көші-қон саласы, еңбек көші-қонын мемлекеттік реттеу, өңірлердегі еңбек ресурстарын еліміздің еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшіру механизмін жетілдіру және т.б. аспектілерді зерттеуге бағытталған магистрлік, докторлық диссертациялар дайындалады.
Сонымен қатар 2022 жылдың маусым айынан бастап Академия Елдік үйлестіру тетігінің қатысушысы және оның өкілі – Академия Серпінді зерттеулердің артықшылығы
және талдау ғылыми орталығының бас сарапшысы Құралай Нұрбек. Естеріңізге сала кетейік, ХКҰ мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру мәселелері бойынша шешімдер мен ұсынымдарды сараптамалық талқылауға және әзірлеуге бағытталған Ұлттық платформа болып табылады. Академияның бас сарапшысы Еуразиядағы көші-қон процестеріне арналған пленарлық отырыста «Қазақстандағы Халықаралық еңбек мигранттарының кейбір проблемалары мен жағдайы туралы» баяндама жасады. Спикер көші-қон процестерін үйлестіруге қатысатын мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтудің маңыздылығына баса назар аударды.
Конференция жұмысына Үндістаннан, Жапониядан, Түркиядан, Франциядан, Испаниядан, Бразилиядан, Португалиядан көші-қон саласындағы шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, Люксембург Роза қоры, Oxus Society for Central Asian Affairs, сондай-ақ «Отандастар» қоры (Қазақстан) қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар көші-қон, қауіпсіздік және интеграция мәселелері бойынша академиялық қоғамдастықпен және практиктермен институционалдық ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті.