Академияда «Даму күні» аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот судьясы Досжан Сарманқұлұлы Әмірмен кездесу өтті. Судья «Қоғамда заң үстемдігі болуы қажет» тақырыбында танымдық дәріс өткізіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Досжан Сарманқұлұлы Академия қызметкерлері мен білім алушыларына статистикалық деректер ұсынып, сот процесі жайлы ақпарат берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» ойына терең тоқталды.
«Заң мен тәртіп қатаң сақталған қоғамда ғана әділетті мемлекет орнайды. Бүгінгі күні әділ шешім шығару үшін судьялар барлық шараны қолданып жатыр. Заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету – негізгі борышымыз. Кез келген дау сотқа келіп тіреледі. Сондықтан егжей-тегжейлі тексеріп отырып, шешім шығарады», – деді Жоғарғы сот судьясы.
Академияда «Даму күні» аясында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы вице-президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ф.ғ.д., профессор Құрманалиев Кәрімбек Арыстанбекұлымен кездесу өтті.
Кәрімбек Арыстанбекұлы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» үш таған – басты құндылығымыз» тақырыбында семинар өткізді. Тыңдаушылармен жоғары деңгейдегі жүйелі ойларымен бөлісті. Кездесу барысында Академия қызметкерлері мен білім алушылары өзекті сұрақтарына жауап алды. Атап өтейік, кездесулерді Академияның Басқару институты ұйымдастырды.