Жаңалықтар

Қоғамдық бақылау – сапа кепілі

Академияда Ғылым апталығы аясында Бюрократиядан арылту сыбайлас жемқорлыққа саясат пен этика секторының ұйымдастыруымен қоғам мен қоғамдық ұйымдардың рөлін талқылауға арналған кеңес отырысы өтті.

Шараға Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов және «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов және Академия қызметкерлері, тыңдаушылары қатысты.

«Қоғамдық бақылау мемлекеттік қызметшілермен бірге ұйымдастырылады. Егер мемлекеттік қызметшілер хатқа жауап бермей немесе ақпаратпен бөліспей отырса, ешқандай қоғамдық бақылау болмайды. Сондықтан Академияның магистрант, докторанттарымен кездесу, байланыс орнату, ақпаратпен бөлісу – өте маңызды. Қоғамдық бақылаушылар – елдің қамын ойлайтын, қоғамда болып жатқан жүйелі мәселелерді қозғайтын тұлғалар. Бүгінгі баяндамамда осындай ақпараттарды жеткіздім, жұмыстарымыздың нәтижесін көрсеттім. Болашақта Академия түлектерімен өңірлерге барғанда нәтижелі жұмыстар атқарамыз деп сенемін», – деді Дидар Смағұлов.


Your browser does not support SVGs