2018 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты алаңында Сирия бойынша Астана процесіне арналған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматовтың қатысуымен сараптық брифинг өткізілді.
Іс-шараға Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков және Дипломатия институтының профессоры Төлеутай Сүлейменов, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар талдау құрылымдарының өкілдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров және өзге де сарапшылар қатысты.
Брифинг барысында Астаналық процестің барысы мен одан арғы дамуы, кепілгер-мемлекеттердің министрлік кездесуін ұйымдастыру мәселелері, сонымен қатар сириялық дағдарысты реттеу ісінде астаналық келіссөздердің нақты жетістіктері талқыланды.