30 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Заман және тұлға: армандар орындалады» атты авторлық презентация өткізілді.
Презентацияның авторлары – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА Ғылыми-сарапшылық Кеңесінің мүшесі Шаймерденова Нұрсұлу, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бурибаева Майнұр, филология ғылымдарының кандидаты Аманжолова Джемма. Іс-шараға Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президенттік орекстрінің солисі Бибигуль Сауытова Елбасы Н.Назарбаевтың сүйікті әндерін орындады.