Жаңалықтар

Қазақстан және БАӘ мемлекеттік басқару саласында ынтымақтастық аясын кеңейтуде

2017 жылдың 29 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Қазақстан және БАӘ арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды.

Делегация құрамын Академия ректоры Фатима Жақыпова және Дипломатия институтының директоры Ануар Аязбеков құрады, делегация мүшелері бірқатар кездесулерді өткізіп, ҚР және БАӘ арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты.

Соның ішінде, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен БАӘ-нің Дипломатия Академиясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Одан өзге, 2016 жылдың мамыр айында қол қойылған екі жақты Ынтымақтастық туралы меморандумға күш беру мақсатында Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебі басшылығымен кездесу болып өтті.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпованың айтуы бойынша, «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебі қол қойған меморандум мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар саласында мамандандырылған екі мекеме арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін негіз болады».

Кездесу барысында тараптар одан арғы ынтымақтастық жоспарын талқылады, оның шеңберінде аталған Мектеп сарапшыларын Академияға «Smart – қалалар және жоғары тиімді халықаралық қаржы орталықтарын құру» тақырыбындағы дәрістер циклімен шақыру мәселелерін қарау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Академия делегациясы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған Дөңгелек үстел жұмысына, және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың араб тіліндегі Жолдауының презентациясына қатысты.

Одан өзге, Академия ректоры Дубай қаласындағы Қоғамдық кітапханасында Қазақ әдебиеттері бөлімінің ашылуына барып, кітапханаға Қазақстан туралы кітаптарды сыйлады.


Your browser does not support SVGs