Ел өңірлерінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының партиялық фракциясының депутаттары үшін «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебімен ұйымдастырылған, «Қазақстандық қоғамды жаңғыртуға «Нұр Отан» партиясының қатысуы» атты семинарда Академияның Басқару институтының профессоры Гүлсара Жүнісбекова дәріс оқыды.
Профессор қазіргі заманғы әлемде ұлт табысының бәсекеге қабілетті факторлары туралы өз пікірімен бөлісті. Қоғамды жаңғрыту айтарлықтай ресурстарды тартуды, оның ішінде азаматтардың, азаматтық қоғам құрылымының әлеуетін белсендіруді де қажет ететіндігін дәріскер атап өтті.