Жаңалықтар

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері, Академия қызметкерлері, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық сарапшы Манфред Блуменшайн мырза қатысты.

Отырысты ашқан Академияның вице-ректоры Айгүл Көшербаева сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болып табылатындығын, оған әрбір азаматтың ортақтасуы қажеттігін баса айтты.

Аталған пікірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган өкілдері қолдап, бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Осыған байланысты, қазіргі кезде азаматтық қоғаммен бірге түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр, олардың мақсаты кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ахуалын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Өз кезегінде, халықаралық сарапшы Манфред Блуменшайн сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында неміс тәжірибесімен, атап айтқанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру аясында Германияда өткізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті. Сарапшы мұндай жұмысты ұйымдастыру кезінде елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы негізгі жетістіктері туралы азаматтарды ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы Жулдыз Давлетбаева халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруда әлеуметтік желі және басқа да БАҚ ресурстарының әсерін ескере отырып, ғаламторда халық арасында дұрыс мінез-құлық құныдықтарын қалыптастыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер мен мемдарды белсенді түрде тарату қажеттігін баса айтты.  

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында бірлескен зерттеулерді өткізудің қажеттілігін атап өтті және әрі қарайғы әріптестік бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.


Your browser does not support SVGs