Бүгін Академияда Ұлттық киім күніне орай іс-шара өтті. Академия ректоры Әбіл Ерлан қызметкерлер мен білім алушыларға әр аптаның жұма күні ұлттық нақыштағы киім киіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақырды.
Наурызнама онкүндігі аясында өткен шарада қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуымен ұлттық киімдер сән көрсетілімі өтті.
Сән көрсетілімінің басты мақсаты – азаматтардың санасына әлеуметтік маңызы бар құңдылықтардың және қазақтың мәдени, тарихи өткеніне, дәстүрлеріне құрметпен қарауға шақыру. Қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеп, көпшілікке танымал ету.
Мерекелік іс-шараны Академияның Кәсіби даму институты мен Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы ұйымдастырды.