Академияда «Даму күні» аясында Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Даулет Рашидұлы Арғындықов «Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру» тақырыбында дәріс оқыды. Спикер 2020-2023 жылдар аралығындағы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесіне, миграциялық процестерді автоматтандыруға тоқталды. Сондай-ақ тыңдаушыларға әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйелерін таныстырды.
Даулет Рашидұлы тыңдаушыларға әлеуметтік қызметтер порталында орындалған қызметтер мен жаңарту жұмыстары туралы ақпарат берді.
«Қазақстан экономикасын технологиялық жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі – әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру. Әлеуметтік қызметтер мен жұмыспен қамтудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға болады», – деді спикер.