Экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен білімді дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен Академияның вице-ректоры Еркін Шажаұлы Дүсіпов марапатталды. Экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен Кәсіби даму институтының директоры Маргарита Бөлегенқызы Қадырова марапатталды. Экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен білімдегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Дипломатия институты директорының орынбасары Камилла Ғалымқызы Шериязданова марапатталды.
Әріптестерімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарына ие болуымен құттықтаймыз
