Жаңалықтар

Өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталды

Елімізде алғаш рет өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді.

Жоба Мемлекет басшысының бастамасымен әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында басталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу 2024 жылғы ақпан-тамыз айлары аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өткізілді. Үміткерлердің құзыреттіліктерін бағалау кезеңі Академия базасында офлайн форматта Ассессмент-орталық әдісімен өткізілді.

Іріктеудің нәтижелері бойынша өңірлік резервтерге барлығы 505 адам қабылданды. Академияның 30 түлегі және 3 білім алушысы өңірлік кадр резервіне енді.

Өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдар уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.

 


Your browser does not support SVGs