Жаңалықтар

Өңірлік филиал тынысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Академия ректоры Фатима Жақыпова және Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Іссапар шеңберінде Алик Шпекбаев пен Фатима Жақыпова Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановпен бірге Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалының жұмысымен танысып, бюджеттің IV деңгейіне енген ауылдық округ әкімдерімен, «Өзгерістер елшілері» жобасының қатысушыларымен және Филиалдың ұжымымен кездесті. 

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен әдептік мінез-құлықтарын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға арналған 15 қадамын жүзеге асыру туралы мәселелер көтерілді.  

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев өз сөзінде мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық жүйесі және сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік мәселелеріне тоқталды.

Іс-шара барысында қонақтар Филиалдың тынысын жүйелеген интеллект-картамен танысып, Адалдыққа негізделген сатушысыз дүкенде болды.

Кездесу ауылдық округ әкімдері мен Филиал тыңдаушылары  өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға бағытталған өздерінің жобаларын ұсынуымен жалғасты. 

Кездесу соңында «Өзгерістер елшілері» жобасының қатысушысы, Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов «Арнау» атты өлеңдер жинағын таныстырды, Филиал профессоры А.Қ. Мырзашованың «Тайм-менеджмент=жеке тиімділік: уақытты өз пайдаңа бұр» атты кітабының тұсаукесері өтті.

21


Your browser does not support SVGs