15 наурыз күні Академияға Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Басқарушы кадрларды дайындау» факультетінің деканы Атабек Хасанов келді.
Кездесу барысында Басқару институтының және Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтының директорлары, сондай-ақ Жобаларды басқару орталығын дамыту орталығының жетекшісі Академияның негізгі қызметі туралы презентациялар ұсынды. Академия ректоры Мемлекет басшысының ұсынған институционалдық реформаның алғашқы 15 қадамын негізге ала отырып, Академия өз жұмысын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағыттайтынын атап өтті.
Тараптар мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы қазақстан-өзбек ынтымақтастығының оң динамикасының сақталуына және одан әрі дамуына нық сенім білдірді.