Жаңалықтар

Саяси зерттеулер академиялық институтының (GRIPS) ректоры ТАНАКА Акихико дәріс оқыды

10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Саяси зерттеулер академиялық институтының (GRIPS) ректоры ТАНАКА Акихико дәріс оқыды.

Танака Акихико Жапониядағы халықаралық саясат саласындағы жетекші ғалым. Өзінің еңбек жолында келесі қызметтерді атқарды:

-Токио университетінің проректоры;

-Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің директоры;

-2017 жылдың сәуір айынан бастап GRIPS ректоры;

⠀Спикер дәріс барысында Шығыс Азия елдерінің халықаралық саясаты, трансұлттық терроризмнің өсуі, халықаралық қоғамдастық қауіпсіздігінің проблемалары туралы сөз қозғады.

Доктор Танака Шығыс Азия аймағындағы халықаралық үдерістердің дамуы, олардың экономикалық жағдайы, сондай-ақ елдер арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейі мен Жапонияның Шығыс Азиядағы рөлі туралы айтып өтті.


Your browser does not support SVGs