Жаңалықтар

2021 ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ

2021 жыл Академия үшін қызықты әрі маңызды оқиғаларға толы болды. Біз сіздермен осы кезеңдегі Академияның ең жарқын сәттерімен бөліскіміз келеді.

2021 жылы біз 70 мыңға жуық мемлекеттік қызметші үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларын оқыту, «Жаңа формациядағы басшы» бағдарламасы бойынша қайта даярлау, Президенттік Жастар кадр резерві секілді бірқатар ірі жобаларды іске асыруға үлес қостық. Серіктестерімізбен бірге Қазақстанда Ресей Федерациясының басқарушы кадрларына арналған бағдарламаның халықаралық тағылымдамасын ұйымдастырып, 700 мемлекеттік қызметшіні оқыттық, оның ішінде Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстаннан келген мемлекеттік қызметшілер «Жасыл экономика және төмен көміртекті даму» жобасы бойынша оқытылды. Біздің қазақстандық «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020» жобасы IPMA GLOBAL PROJECT EXCELLENCE AWARDS халықаралық байқауының алтын жүлдегері атанды. Біз оқу процесін басқарудың ақпараттық жүйесін жетілдірдік және «Executive Master of Public Administration» жаңа модульдік бағдарламасын іске қостық. Академия докторлық білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттеуден сәтті өтті.

Академияның 2021 жылғы осы және басқа да іс-шараларын біздің қысқа бейне-шолуымыздан көре аласыз.


Your browser does not support SVGs