Жаңалықтар

Академияда 2022-2023 оқу жылы Бағдарлау аптасынан басталды

Бағдарлау аптасында Академияға оқуға түскен магистранттар, докторанттар үшін алғашқы таныстық орын алды. Академияның басшылығы мен профессорлары оларға оқу орнының миссиясын, құндылықтарын, құрылымы мен мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.Бағдарлау аптасы аясында ағымдағы оқу жылында оқуға түскендер үшін ассессмент-орталық әдісін қолдана отырып, құзыреттерді бағалау жұмыстары жүргізілді.

Академияда оқытудың құзыреттілік моделі қолданылады және HR-да кеңінен пайдаланылатын құзыреттерді бағалаудың осы әдісі бірінші курс магистранттары мен докторанттарының құзыреттерін бағалау үшін, оның нәтижелері бойынша білім алушының жеке профилі мен білім беру траекториясын құру үшін арнайы қолданылды. Құзыреттілікті бағалау процесі үміткерді құрылымдық, кешенді және объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар, іскерлік ойындар, сұхбат және басқа да бағалау әдістерінің жиынтығынан тұрады. Бағалау нәтижелері жаттығулар  орындау кезінде көрсетілген мінез-құлыққа негізделеді.

Бүкіл бағалау процесі кезінде Академияның және оның филиалдарының халықаралық деңгейде арнайы оқытылған және сертификатталған сарапшы-бағалаушылары жұмыс істейді. Барлық сарапшы-бағалаушылар бағалауды нақты бекітілген критерийлер бойынша топтық талқылау және аналитикалық презентация форматында жүргізеді. Ассессментте қолданылатын жаттығулар бірегей болып табылады және оларды Академияның арнайы дайындалған сарапшылары-әзірлеушілері мемлекеттік қызметшілер үшін әзірлеген.

Ассессмент-орталыққа қатысушы нақты жұмыс жағдайына қатысты шешімді белгіленген уақытта жеке өзі немесе топпен бірге ұсынуы тиіс. Сарапшылар қатысушыларды презентацияларды дайындау кезінде бақылап, ұсынылған шешімдерге талдау жүргізеді.

Ассессмент-орталық төрт күн бойы өтеді. Бұл рәсімге 132 адам қатысатын болады, олар 8 лекке бөлінген. Академияның ассессмент-орталықты жүргізу бойынша үлкен тәжірибесі бар, мысалы 2019 жылы мен 2021 жылы өткізілген Президенттік жастар кадр резервін, ҚР Әділет министрлігімен, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен жүзеге асырылған пилоттық жобаларды атауға болады.


Your browser does not support SVGs