2020-2021 оқу жылынан бастап Мемлекеттік басқару академиясыАссессмент-орталық арқылы білім алушылардың құзіреттілік деңгейлерінанықтайтын болады.
Ассесcмент-орталық (assessment centre, бағалау орталығы) – бұл қызметкерлердің кәсіби құзіреттіліктерінің даму деңгейін, әлеуеттерін анықтау мақсатында олардың қызметінің негізгі тұстарын модельдеуге бағытталған кешенді бағалау әдісі.
HR-да кеңінен қолданылатын құзіреттіліктерді бағалаудың бұл тәсілі – оқу мерзімі екі жылды және үш жылды құрайтын бірінші курс Академия магистранттары мен докторанттарының құзіреттіліктерін бағалау үшін арнайы қолданылды. Нәтижесінде білім алушының жеке профилі және білім алу траекториясы құрылады.
Сондай-ақ, әрбір оқу курсы қандай да бір білім беру бағдарламасы бойынша құзіреттіліктерді дамытуға бағытталатын болады. Оқытушылар өз кезегіндеқұзіреттіліктер корреляциясы жүру үшін көрсетілген нәтижеге сүйене отырыпсиллабустарды құрастырады: білім беру бағдарламасы → силлабус → тапсырмалардың әрбір жекелеген түрі мен бағалау әдісі және → құзыреттілік.
Академия ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, Академияның оқу бағдарламалары мемлекеттік қызметші үшін Құзіреттіліктердің бірыңғай шеңберіне сәйкес құрастырылған, сондықтан әрбір білім беру бағдарламасы өзі дамытуға бағдарланған құзіреттіліктер тобына ие.
«Бұл жолы магистранттар мен докторанттарға пилоттық режимде бес негізгі құзіреттілік бойынша ассессменттен өту мүмкіндігі берілді: шешімдерді талдау және қабылдау, көшбасшылық, инновативтілік және өзгерістерді басқару, көндіре білу, қызметті басқару. Құзіреттіліктерді осылайша бағалау – оқу аяқталғаннан кейін жүргізіледі, сол арқылыоқу кезеңіндегі құзіреттіліктердің өсу деңгейі анықталады» – деп атап өтті ректор.
Құзіреттіліктерді бағалау үрдісінің өзі – бұл үміткерді құрылымдалған түрде, кешенді және объективті бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалардың, іскерлік ойындардың, сұқбаттар мен бағалаудың өзге де тәсілдерінің жиынтығы. Бағалау модельдеу жаттығуларын орындау кезінде көрсетілген мінез-құлыққа негізделеді.
Бағалау үрдісін Академияның арнайы оқытылған және халықаралық деңгейде сертификатталған сарапшы-бағалаушыларықұрастырды. Барлық сарапшы-бағалаушылар нақты бекітілген критерийлер бойынша топтық пікірталастар мен талдамалық презентация түрінде бағалау жүргізді.
МБА-ның Персоналды басқару орталығының басшысы Мөлдір Камзинабүгінгі таңда ассессмент-орталықтың рекрутингте және персоналды дамытуда анағұрлым тиімді (60-70%) hr-құрал болып табылатындығын атап өтуде.
«Бұл бағалауға өте тыңғылықты дайындалдық. Ассессментте қолданылған жаттығулар бірегей болып табылады әрі оларды Академияның арнайы оқытылған сарапшы-әзірлеушілері мемлекеттік қызметшілер үшін әзірледі.
Ассессмент-орталық нақты жұмыс жағдайын модельдейді, қатысушы оны шешу жолын берілген уақыт ішінде жеке немесе топ құрамында ұсынуы тиіс. Сарапшылар презентацияны дайындау барысында қатысушыларды бақылайды, ұсынылған шешімдерді талдайды. Ассессмент-орталық кезінде әрбір қатысушыны кемінде 2 сарапшы бағалайды» – деп атап өтті Мөлдір Камзина.
Ассессмент-орталық барлық карантиндік шаралардың сақталуымен екі күн бойы өтті. 8-9 адамнан тұратын топтарға бөлінген барлығы 4 лекпен 100 қатысушы өтті. Яғни, бір залда болған адамдардың саны онлайн жәнеоффлайндағы сарапшы-бағалаушыларды қосқанда 10-нан асқан жоқ.
Академия Президенттік жастар кадрлық резерві аясында үміткерлерді іріктеу үшін ассессмент-орталықты өткізудің үлкен тәжірибесіне ие. Бұл жоба үшін Академия өзінің қызметкерлері мен оқытушыларыныңқатарынан, соның ішінде филиалдарының ішінен 30.ассесорды арнайы оқытты және халықаралық стандарттар бойынша сертификаттаудан өткізді.
2021 жылы ассессмент-орталықтан өту Академияға оқуға түсу кезінде міндетті болатындығын атап өткен жөн.