Жаңалықтар

29 наурыз күні Ханнс Зайдель Қоры Орта Азия бойынша жобасының басшысы Макс Георг Майер бастаған делегация Алматы қаласына іссапармен барды

29 наурыз күні Ханнс Зайдель Қоры Орта Азия бойынша жобасының басшысы Макс Георг Майер бастаған делегация Алматы қаласына іссапармен барды. Бағдарлама барысында делегация Академияның Алматы қаласындағы филиалының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы реформалармен танысу болды. Филиалға сапар барысында Қор өкілдері Академия түлектерінің жоғары біліктілік деңгейін атап өтті.


Your browser does not support SVGs