Жаңалықтар

AN HOUR WITH THE AMBASSADOR

Академияда Солтүстік Македония Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Сали Лимани мырзамен кездесу өтті.Әдеттегі дәстүр бойынша, ректор Ерлан Қуанышұлы Әбіл Солтүстік Македония Елшісін арнайы қабылдады. Кездесу барысында ректор Академияның тарихына, миссиясына қысқаша шолу жасап, білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Қазақстан мен Солтүстік Македония арасында білім беру саласы бойынша байланыстарды дамыту жолдарына ерекше назар аударылды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін Македонияның жекелеген оқу орындарымен екі жақты келісім жасасып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске қосу және ортақ зерттеу жобаларын жүргізу мүмкіндігі талқыланды.

Сонымен қатар, Академия ректоры екі ел арасында ынтымақтастық орнатуда Астана Мемлекеттік қызмет хабының рөліне тоқталып, хабқа мүше ел ретінде Македония тарапы да жыл сайын бөлінетін грант мүмкіндігін пайдалана алатынын жеткізді. Македония тарапы, өз кезегінде, ынтымақтастық орнатуда білім алушылардың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, академияның магистранттары, докторанттары, оқытушылары және ғылыми қызметкерлері арасында өзара алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.

Кездесу Елшінің Академияда білім алушыларға арналған еркін форматтағы қонақ дәрісімен жалғасын тапты. Кездесудің екінші бөлігіне Дипломатия институтының оқытушысы Эльмира Жолдыбаева және «Халықаралық қатынастар» мамандығының магистранттары мен докторанттары қатысты. Дәріс барысында Сали Лимани мырза өз тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық қатынастар саласындағы маңызды тақырыптарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, әрбір білім алушымен жеке танысып, сұрақтарына жауап берді.


Your browser does not support SVGs